Ұстаздықтан тәлімгерлікке: Астанада мұғалімдер жаңа дағды үйренді

29 Сәуір 2025, 17:09
680
Бөлісу:
Ұстаздықтан тәлімгерлікке: Астанада мұғалімдер жаңа дағды үйренді
Фото: Smart Ustaz

Астанада мұғалімдер білім беру тренингінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тренинг педагогтерге дәстүрлі оқыту шеңберінен шығып, өз мектептері мен өңірлерінде өзгерістерге бастамашы болуға мүмкіндік берді. Бұл тренинг осымен үшінші рет өткізілді.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам педагог қатысқан.

Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерден тек білім беруді ғана емес, көшбасшылық қабілетті де талап етеді. Біз ұйымдастырып отырған тренинг – жай ғана оқытушыларды емес, оқушылар мен әріптестеріне шабыт беретін, білім беру үдерістерін басқара алатын және жаңашылдық енгізетін шынайы тәлімгерлерді даярлауға бағытталған, – дейді Smart Ustaz жобасының жетекшісі Алина Хаматдинова.

Жалпы Smart Ustaz жобасы негізінде 6500 ұстаз оқыту курсынан өтті. Тренингке 40-қа жуық педагог қатысты.

Бұл тренинг мен үшін ұстаз болудан бұрын, жеке тұлға ретінде дамудың маңызын көрсетті. Біз мұнда бір-бірімізбен еркін қарым-қатынас орнатып, дәстүрлі оқытудың алшақтап, оқушының ішкі қалауын ескеруді үйрендік. Нағыз жаңашыл ұстаз болуға бір қадам жақындадық деп ойлаймын, - деді Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Гаухар Құдайбергенова.

Қатысушылар не үйренді?

Екі күн ішінде педагогтер мынадай төрт негізгі құзыреттілікті меңгерді:

  • Әлеуметтік-эмоциялық дағдылар (стрессті басқару, эмпатия, жеке миссияны анықтау);
  • Сыни ойлау (ақпаратты талдау және шешім қабылдаудың заманауи тәсілдері);
  • Оқушыларды диагностикалау және дамыту (жеке көзқарас, әр оқушының әлеуетін ашу);
  • Тиімді коммуникация (топпен жұмыс жүргізу, сапалы кері байланыс беру, жанжалдарды шешу дағдылары).
Өзгелердің жаңалығы