«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 қазанда атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.
«Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, солтүстік жартысында 1-3°С үсік сақталады», – деп хабарлады «Қазгидромет».
Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы +15+23°С құрайды. Оңтүстігінде ол +20+25°С-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда температура +8+13 пен +15+23°С аралығында болады.
Бұған дейін синоптиктер қазан айының ауа райы болжамын жариялаған болатын.