«Алматы-Бейжің» бағытында қомақты ақшамен ұшпақ болған адам ұсталды

18 Сәуір 2019, 09:36
2324
Бөлісу:
«Алматы-Бейжің» бағытында қомақты ақшамен ұшпақ болған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды.

«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы – Бейжің» бағытымен ұшқалы тұрған HU–7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Ұстауға себеп: аталған азаматтан тексеру барысында кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге болды. Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.
Өзгелердің жаңалығы