Үшінші тоқсанда оқушылардан мектеп формасы талап етіле ме?

17 Қаңтар 2022, 13:20
3096
Бөлісу:
Үшінші тоқсанда оқушылардан мектеп формасы талап етіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» тақырыбындағы брифинг кезінде үшінші тоқсанда оқушылардан мектеп формасын кию талап етілмейтіні айтылды.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова оқушылардың тамақтану мәселесі туралы айтып берді.

Штаттық форматта оқитын оқушылар үшін тамақтану ұйымдастырылады. Бұл жерде де санитарлық талаптар ескерілуі керек. Әр оқушының арасында 2 метр қашықтықты сақтау талап етіледі, - деді БҒМ өкілі брифингте.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы оқушылардың мектеп формасына қатысты сұрақты да көтерді.

Жылдың басында оқушылар мектепке қандай формамен келді, енді осы тоқсанда да дәл сондай формамен келе алады, - деп түсіндірді Гүлмира Каримова ОКҚ-да.

Еске сала кетейік, 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларынан біркелкі форма кию талап етілмеді. Оларға бастысы ұқыпты, таза киінуге рұқсат етілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы