Мемлекеттік бағдарламамен «үй алғысы келген» ақтөбелік 10 млн теңгесінен айырылды

7 Қыркүйек 2026, 13:07
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 7 Қыркүйек 2026, 13:07
7 Қыркүйек 2026, 13:07
220
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен үй алғысы келген ақтөбелік 10 млн теңгесінен айырылды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті тұрғын үйді мемлекеттік бағдарлама арқылы алып беруге көмектесемін деген желеумен жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Танысы ақшаны алып, уәдені орындамады

Анықталғандай, шамамен екі жыл бұрын жергілікті тұрғын танысының сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді тиімді шарттармен алуға мүмкіндік бар екенін айтқан. Тұрғын үйді рәсімдеу және қажетті мәселелерді шешу үшін жәбірленуші танысына 10 млн теңге көлемінде ақша қаражатын берген.

Алайда уәде етілген міндеттемелер орындалмаған, сондай-ақ жәбірленушінің ақшасы қайтарылмаған. Осыған байланысты ол полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Мәселе «оңай» шешілмейді

Полиция департаменті азаматтарды жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелер жасау және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу кезінде қырағылық танытуға шақырады.

Азаматтарға тұрғын үйді «кепілді түрде алып беремін», кезекті жылдамдатамын, құжаттарды рәсімдеуге көмектесемін немесе таныстар арқылы мәселені шешіп беремін деген уәделерге сеніп, ірі көлемдегі ақша қаражатын бейтаныс немесе өкілеттігі расталмаған тұлғаларға бермеу ұсынылады.

Полиция ресми дереккөздерге сенуге шақырады

Кез келген шешім қабылдамас бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы, оның талаптары мен оған қатысу тәртібі туралы ақпаратты тексеріп, ресми дереккөздерге жүгіну қажет.

Полиция азаматтарды алаяқтардың арбауына түспеуге және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

Тағы оқи отырыңыз: 

Шенеуніктер пәтер кезегінен шығарып тастаған жетім баланың құқығы қалпына келтірілді

Қосшыда алаяқтық жасаған мұғалім Ақтөбеде қолға түсті

Президенттің тапсырмасы бойынша бес жас ғалым баспаналы болды

 

 

Наверх