Ұшақ атылған сәтке дейін Тегеранмен байланыста болған

12 Қаңтар 2020, 13:08
4603
Бөлісу:
Ұшақ атылған сәтке дейін Тегеранмен байланыста болған

Алматы, BAQ.KZ. Украинаның атып құлатылған әуе кемесінің ұшқышы апат болған сәтке дейін Тегеранмен байланыста болған, деп жазды Life.

Бұл туралы Украина Халықаралық Әуе желілері президенті Евгений Дыхне мәлімдеді. 

Біз ұшақ пен әуежай арасындағы диалог апат болған сәтке дейін жалғасқанына көз жеткіздік. Соңғы сәтке дейін ұшу бағдары келісілген. Мұның барлығы тергеу материалында бар, - деді ол.

Сонымен қатар, ол Тегераннан рейсті кейінге қалдыру бойынша ешқандай негіз болмағанын айтады, Иран билігі жолаушылардың өміріне қандайда бір қауіп төніп тұрғаны жайлы хабарламаған.

Айта кетсек, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.

Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.

Сонымен қатар, Иран президенті Украина халқынан кешірім сұрады. Украина билігі қаза тапқандардың отбасыларына төленетін өтемақы сомасын белгіледі.

Өзгелердің жаңалығы