Делиден Ченнайға бағыт алған IndiGo әуе компаниясының ұшағы жолаушылар салонында пауэрбанк өртенуіне байланысты Хайдарабад қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы Indian Express басылымы мәлімдеді.
Оқиға 11 қазанда болған. Ұшақ әуеде келе жатқанда жолаушылардың бірінің пауэрбанкі тұтанып кеткен.
Белгіленген қауіпсіздік тәртібіне сәйкес, ұшқыштар ұшу бағытын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Ұшақ Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға сәтті қонды.
Жолаушылар сапарын жалғастыру үшін оларға басқа ұшақ берілді.
Айта кетейік, бұған дейін де Қытайдың Air China әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ханчжоудан Сеулге бет алған кезде салонда пауэрбанк өртеніп, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған.
Тағы оқи отырыңыз:
"Көп адам жылады, дұға оқыды": Алматыдан Шымкентке шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Астана – Франкфурт рейсі қозғалтқыш ақауына байланысты Ақтөбеге шұғыл қонды