Ұшақ апаты. Жолаушылардың төртеуі шетел азаматы болған

27 Желтоқсан 2019, 13:42
2321
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Жолаушылардың төртеуі шетел азаматы болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ бортында барлығы 5 экипаж мүшесі және 93 жолаушы болды, оның ішінде шетелдік азаматтар бар. Олардың екеуі Украина азаматы, 1 Қырғызстан азаматы және тағы бірі Қытай елінің азаматы. Қалғаны жолаушылардың барлығы да Қазақстан азаматы - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы