Ұшақ апаты: ұшақтың байланысқа шыққан аудиожазбасы жарияланды

27 Желтоқсан 2019, 15:36
11352
Бөлісу:
Ұшақ апаты: ұшақтың байланысқа шыққан аудиожазбасы жарияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "РЕН ТВ" ресейлік телеарнасы бүгін апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker-100 жолаушылар ұшағының ұшқышы мен әуежай диспечерлері арасында болған сөздің аудиожазбасын жариялады.

"РЕН ТВ" жариялаған аудиодағы жазбаға сүйенсек, ұшақ штаттық режимде көкке көтерілген екен. Диспетчерлер Fokker-100-ге ұшу-қону жолағына шығуға рұқсат береді. Содан кейін ол жолға шығады, әрі қарай олармен байланыс үзіледі.

Осы уақытта оның орнына AstanaLine әуе компаниясына тиесілі ұшақ келіп тұрады. Әуежай қызметкерлері оларға күте тұруға бұйырады. Өйткені олар жаңа ғана ұшып шыққан Fokker-100-ді таппай жатқанын айтады.

Келіссөздің сөзбе-сөз нұсқасы былай болып келеді:

- BeкAir 2100, жел 040 градус, 05 оңға қарай ұшуға рұқсат етемін, - дейді диспетчер.

- 05 оңға, 2100, бәрі жақсы, барлықтарыңызға қайырлы күн! - деп ұшқыш жауап береді.

- Жол болсын! – деп диспечер қоштасады.

Одан кейін, диспетчер ұшып кеткен ұшақ ұшқышымен бірнеше рет байланысқа шығуға тырысады:

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Круг"...

Осыдан кейін диспетчер басқа ұшаққа ескерту жасайды.

"AstanaLine-671, біз Fokker-100 қайда екенін білмейміз". Одан кейін дабыл белгісі соғылады.

- 671 (AstanaLine ұшқыштарына айтып жатыр, шамамен), 05 жолаққа оңға техника келе жатыр. Дабыл жарияланғандықтан техника келеді ұшу жолағына немесе сол маңға, - делінеді аудиохабарламада.

Бұған дейін, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлағаны хабарланған болатын. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. Апаттан кейін 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керектігі хабарланды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Кейіннен белгілі болғандай, ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты

Өзгелердің жаңалығы