Үш облыстың республикалық маңызы бар жолдарында шектеу қойылды

19 Желтоқсан 2023, 19:27
523
Бөлісу:
Үш облыстың республикалық маңызы бар жолдарында шектеу қойылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км) 

1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -79 км; 

Жетісу облысында - 2 учаске (223 км) 

1. "Үшарал-Достық" а/ж 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.; 

2 "Алматы-Өскемен" а/ж 287-410 км, Талдықорған қ. -Сарқант қ. 

Қызылорда облысында - 1 учаске (289 км) 

1. Самара-Шымкент " а/ж 1361-1650 км. Арал қ-Босмандық а.-289 км; 

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы