«Балаңыз TikTok-та не айтып жүр?»: Атырауда ата-ана жауапкершілікке тартылды

 видеодан скриншот 23 Қазан 2026, 20:24
23 Қазан 2026, 20:24
288
Фото: видеодан скриншот

Атыраулық тұрғын қызының TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 қазан күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.

Осы дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеуге жауапты екенін еске салады. Олар балаларының мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет.

Қорлау, адамның қадір-қасиетін кемсіту және буллингке жол берілмейді. Бұл талап шынайы өмірде де, интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Қонаевта әйел TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді. 

Тағы оқи отырыңыз: 

«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды

Талдықорғандық TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)

Наверх