1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді

 pexels.com 23 Қазан 2026, 04:58
23 Қазан 2026, 04:58
100
Фото: pexels.com

Эльмира Әуезова «өзгеріс кейбір балабақшалардың жабылуына әкелуі мүмкін» деп отыр. Сондай-ақ шаһардағы 25 жекеменшік мектепке былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары үшін 1 миллиард 318 миллион теңгеден астам қаражаттың әлі төленбегені айтылды.

Реформаның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін арттыру мен мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту. Лицензиялау барысында санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйесі мен күзеттің болуы, сондай-ақ тамақтандыруды ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларының мазмұны тексеріледі, – деді «Атамекен» ҰКП Білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша салалық кеңесінің төрайымы Эльмира Әуезова.  

Ал денсаулық саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсететін ұйымдарды аккредиттеу мәселесі өзекті болып отыр. Кәсіпкерлер жаңа талап медициналық мекемелердің шығынын көбейтіп, қызмет көрсету қолжетімділігіне кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартады. Өйткені қазірдің өзінде емханалар мен клиникалардың жұмысы лицензиялау, мемлекеттік бақылау және клиникалық аудит арқылы қадағаланады.

Наверх