АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп өзін үшінші мерзімге сайлауға түсуге құқылымын деп есептейді. Елде бұған қатысты белгілі бір шектеулер бар, бірақ ол бәрібір өз кандидатурасын ұсына алатынына сенімді, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Politics-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Трамп Айова штатындағы жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде айтты.
«Заң бойынша маған қайтадан сайлауға түсуге болмайды деп ойлаймын. Мен бұл тұжырымды өте ұзақ зерттедім. Өкінішке қарай, ол өте қысқа қайырылған. Бұлтаруға мүмкіндік жоқ», – деді ол.
Дегенмен, Дональд Трамп сонымен бірге тағы да сайлауға түсуге бәрібір құқығы бар екенін атап өтті. АҚШ президенті мұндай құқықты оған демократтар тарапынан жасалған бұрмалаушылықтар береді деп санайды.
«Менің қайтадан сайлауға түсуге құқығым бар деп ойлаймын. Менің қайтадан сайлауға түсуге құқығым бар, өйткені олар алаяқтық жасады», – деді ол 2020 жылғы сайлаудағы дәлелденбеген бұрмалаушылықтарды меңзеп.
Айта кетейік, АҚШ-тағы келесі жалпыхалықтық президент сайлауы 2028 жылғы 7 қарашада өтуі тиіс. Сол кезде америкалықтар мемлекеттің 48-ші басшысын сайлайды.
Тағы оқи отырыңыз:
Трамп Зеленскийді Путинмен кездеспей-ақ Ресеймен келісімге келуге шақырды
Зеленский мен Трамптың өкілі Ослодағы келіссөздерде кездеседі