Алматыда автобуста қыздың киіміне тиісіп, жанжал шығарған ер адамға емес, қызға айыппұл салынды

 видеодан алынған кадр 23 Қазан 2026, 09:31
23 Қазан 2026, 09:31
170
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда қоғамдық көліктегі жолаушылар арасындағы жанжал сотқа дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, мас күйдегі ер адам автобуста қыздың киіміне қатысты ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде қыз оған дөрекі сөйлеп, арты автобустың ішін жаңғыртқан сөзталасқа ұласқан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан жолаушылардың балағат сөздер айтып, бір-бірімен сөзге келгенін көруге болады.

Полиция қызметкерлері жанжалға қатысушылардың жеке басын анықтап, оқиғаға құқықтық баға берді. Нәтижесінде Алматының 27 жастағы тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қызды кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.

Полиция қоғамдық орында балағат сөз айту және қоғамдық тәртіпті бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқи отырыңыз: Ақшасын аударған соң бұғаттап тастаған: Астанада концертке жалған билет сатқан ер адам сотталды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх