Үш немесе төрт жалақы: Қазақстандықтар iPhone үшін қанша төлейді?

27 Тамыз 2026, 09:05
АВТОР
 pixabay.com 27 Тамыз 2026, 09:05
27 Тамыз 2026, 09:05
169
Фото: pixabay.com

Қазақстанда iPhone 17 Pro 256 ГБ құны басқа көптеген елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары.

 iPhone-ға қол жеткізу оңай ма?

Маусым айында смартфон 837 мың теңге тұрды. Бұл шамамен 1,7 мың долларға тең болды.

Ал көпшілік арасында қолға тиетін орташа жалақы 629,4 долларды құрады.

Нәтижесінде гаджетті сатып алу үшін 2,7 айлық жалақы қажет болды. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша қарастырылған 42 нарықтың ішінде алтыншы орынға ие көрінеді.

Шетелде iPhone алу үшін қанша орташа жалақы қажет?

Салыстыру үшін, АҚШ-та iPhone-ға орташа айлық жалақының 27,3%-ы, Жапонияда — 59,4%-ы, ал Швейцарияда — 18,4%-ы кетеді.

ranking.kz зерттеуінше Қазақстанның ішінде смартфонның қолжетімділігі де қатты ерекшеленеді. Тамыз айындағы жеңілдікті есепке алғанда, оның бағасы 790 мың теңгені құрайды.

Өңірлерде iPhone алу үшін қанша жалақы жұмсау керек?

Ел бойынша орта есеппен сатып алу үшін қолға тиетін шамамен 2,2 жалақы қажет. iPhone үшін ең аз жалақыны Ұлытау облысының тұрғындары жұмсайды. Бұл өңірде жалақы көлемі шамамен 1,5. Атырау және Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш 1,6 жалақыны құрайды, Астанада – 1,7, Алматыда – 1,8. Ең жоғары жүктеме Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда шамамен 3,1 жалақы. Жамбыл облысында смартфон шамамен үш жалақы көлемінде тұрса, Жетісу, Түркістан облыстары мен Шымкентте – 2,9.

Салалар арасындағы айырмашылық өзгеше. Қаржы және сақтандыру қызметінің қызметкерлері үшін iPhone шамамен бір жалақы көлеміндей болады.

Түрлі саладағы қызметкерлер жалақысы iPhone алуға жете ме?

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде де бұл көрсеткіш шамамен бір жалақыны құрайды.

Ал ауыл, орман және балық шаруашылығының жұмыскерлеріне смартфон үшін шамамен 3,5 айлық жалақы қажет болады.

Тұру және тамақтану саласында – 3,3, өнер, ойын-сауық және демалыста – 3,2, білім беру саласында шамамен үш жалақы.

Еске салайық, бұған дейін iPhone иелеріне қауіп төнгені хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

Дүкен есігін балғамен сындырған: 20-ға жуық iPhone ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкентте тұрғындар iPhone-ды 45 мың теңгеден "сатып алған"

WhatsApp ұмытшақ адамдар үшін пайдалы функцияны іске қосады

Наверх