Алаяқтар Apple атынан фишингтік хаттар жіберу арқылы iPhone пайдаланушыларын алдаудың жаңа схемасын қолдана бастады. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Хаттарда iCloud қоймасының толып кеткені туралы айтылады. Пайдаланушыларды егер шұғыл шара қолданбаса, деректері жойылып кетуі мүмкін деп қорқытады. «Мәселені шешу» үшін жалған сайтқа апаратын сілтеме бойынша өту ұсынылады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай хаттар өте сенімді көрінеді. Өйткені Apple компаниясы бұлттық қоймада орын жетіспейтіні туралы хабарламаларды шынымен жібере алады.
Бұдан бөлек, алаяқтар басқа да сылтауларды қолданады. Мысалы, төлемнің сәтсіз өткені немесе банк картасының мерзімі өткені туралы хабарлайды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде әйел өзгенің телефонымен iPhone рәсімдеп алған болатын.
Тағы оқи отырыңыздар:
Телефоныңыз "толды" деген хабарламаға сенбеңіз – жаңа алаяқтық тәсіл!
Дүкен есігін балғамен сындырған: 20-ға жуық iPhone ұрлаған күдікті ұсталды
Шымкентте тұрғындар iPhone-ды 45 мың теңгеден "сатып алған"