Үш айда браконьерлерге қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды

26 Сәуір 2022, 07:17
1356
Бөлісу:
Үш айда браконьерлерге қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы тұрғынының көлігінен киіктің 844 мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

1992 жылы туған азамат қазір уақытша ұстау изоляторында, ал мүйіздер сараптамаға жіберілді. Ал Қостанай облысында жабайы қабан атқан браконьерлер ұсталды. Жалпы елде соңғы 3 айда осындай 31 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 2507 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды. 

Қазақстанда браконерлік қылмыс 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Табиғат қорғау инспекторлардың айтуынша, жаза қатаң болғанымен, қылмыс тыйылмай тұр.

Өзгелердің жаңалығы