Ұрлық жасауды қайталағандарға жауапкершілік күшейтілді

31 Қаңтар 2019, 12:10
3881
Бөлісу:
Ұрлық жасауды қайталағандарға жауапкершілік күшейтілді

Астана, BAQ.KZ. Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түзетулерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық  «ауырлығы орташа» қылмыс санатынан «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды. Бұл айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігінен айырады.

"Бұған дейін бірнеше рет жасалған ұрлық үшін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылған еді. Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылатын болады" - делінген хабарламада.

Бұл түзету бір адамның қайта-қайта қылмыс жасай беруін тотатуға бағытталған.

Заңға енгізілген түзету осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Өзгелердің жаңалығы