Ұрланған сым тиелген көлік ұсталды

8 Желтоқсан 2020, 15:16
2570
Бөлісу:
Ұрланған сым тиелген көлік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаулық полицейлер ұрланған кабельді тасымалдаған көлікті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

3 желтоқсанда Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының наряды түнде қызмет атқару кезінде Панфилов көшесінің бойымен келе жатқан көлікке назар аударып, 23 жастағы жас жігіт басқарып келе жатқан көлікті тоқтатқан. 

Автокөліктің салонын тексеру кезінде полицейлер қала аудандарының бірінен ұрланған мыс кабелін тапқан. Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы