ҰҚШҰ жаттығуларында инфекцияның таралу ошағы залалсыздандырылды

5 Қазан 2022, 21:20
1258
Бөлісу:
ҰҚШҰ жаттығуларында инфекцияның таралу ошағы залалсыздандырылды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуы барысында РХБҚ және медициналық қамтамасыз ету біріккен бөлімшесі аса қауіпті инфекцияның өршуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларды орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған оқу-жаттығу іс-шараларына жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары тартылды.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша ҰҚШҰ-ның Жедел ден қою күштерінің бірлескен операциясы барысында бөлімшелердің бірінде бубон чумасының белгілері бар науқас анықталды. Жұқтырған адам қысқа мерзімде ауруханаға жатқызылып, қажетті биологиялық талдаулар жүргізілді және ауданда арнайы карантиндік режим енгізілді.

ҰҚШҰ жаттығуларында инфекцияның таралу ошағы залалсыздандырылды

РХБҚ күштері мен құралдары жергілікті жерге биологиялық барлау жасап, әскери лагерь объектілеріне, іргелес аумаққа, кірме жолдарға, жеке құрам мен әскери техникаға санитарлық өңдеу жүргізді. Әскери полиция бөлімшесі карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге, оның ішінде өткізу режимін ұйымдастыруға және аумақты қоршауға жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.

ҰҚШҰ жаттығуларында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және медициналық қамтамасыз ету біріккен бөлімшесі алғаш рет құрылғанын атап өткен жөн. Бөлімше жергілікті жерге биологиялық барлау жүргізуге, биологиялық сынамаларды талдауға, жеке құрамды санитарлық өңдеуге, әскери техника және үй-жайларды дезинфекциялауға қажетті техникамен жарақтандырылған.

Өзгелердің жаңалығы