ҰҚШҰ бітімгерлік күші міндеттерін атқарған соң сөзсіз Қазақстан шекарасынан шығарылады – Путин

10 Қаңтар 2022, 14:50
1570
Бөлісу:
ҰҚШҰ бітімгерлік күші міндеттерін атқарған соң сөзсіз Қазақстан шекарасынан шығарылады – Путин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Қазақстанда болып жатқан оқиғалар осы жерде отырған баршамызға қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің бауырлас еліміз  ҰҚШҰ-ға мүше ел Қазақстан өзінің қауіпсіздігі мен егемендігіне қауіп төнгендіктен ҰҚШҰ бітімгершілік күшіне жүгінді. Біз Қазақстан мемлекеттілігіне төнген қауіп газдың бағасына қатысты бейбіт митингілерден болған емес. Бұл жағдайды диструктивті ішкі және сыртқы күштер пайдаланды. Газ нарығындағы бағаға қатысты сөз сөйлегендердің мақсаты басқа, ал қару алып мемлекетке шабуылдағандардың мақсаты мүлдем бөлек, - деді Путин.

Ол айтқандай, шерулердің майдангершілік технологиялары күштік ақпараттық қолдау ретінде қолданылды. 

Президент айтқандай, өз мақсатын білетін дайындалған топтар жұмыс істеді. Олар шетелде арнайы дайындықтан өткенін көруге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, олардың Қазақстанға шабуылы агрессия акті екенімен келісемін. Оған уақытылы әсер ету керек болды. Сондықтан да  Президенттің өтінішін ҰҚШҰ президенттері бірден қолдады, - деді ол. 

Ресей басшысы ұйым хатшылығы қажетті шараларды уақытылы қабылдағанын атап өтті. 

Осылайша, мородерлар мен лаңкестерге, қылмыскерлерге кедергі орнатылды. Біздің телефонмен әңгімемізде адамдар оған үздіксіз хабарласып, лаңкестер мен қылмыскерлерден қорғауын сұрап жатты. ҰҚШҰ бітімгерлік күші қауіпсізік мақсатында Қазақстанға енгізілді. Өз міндеттерін атқарған соң ҰҚШҰ контингенті сөзссіз Қазақстан шекарасынан шығарылады,  - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы