ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

13 Қаңтар 2022, 12:55
2881
Бөлісу:
ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлерін шығарып салу салтанаты өтті.

Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери қызметшілерін шығарып салды.

Шығарып салу рәсіміне ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Салтанатты жиын бітімгер елдердің әнұранымен ашылды. Оның ішінде  Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Тәжікстан елінің және ҰШҚҰ әнұраны орындалды.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері тобының қолбасшысы генерал-полковник Анатолий Сердюков барлық жеке құрамға батыл шешімдері мен әскери борышын мінсіз орындағандары үшін шынайы алғысын білдірді.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Сонымен қатар, қолбасшы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығына көпұлтты бітімгершілік контингентінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына елдегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін Біріккен бітімгершілік контингентін енгізу туралы өтініш жасағанын атап өтті.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Сіздер стратегиялық және басқа да маңызы бар нысандарды күзетуді қамтамасыз еттіңізідер. Бітімгершілік контингент келіп қазақстандық әскери қызметшілер, ішкі істер қызметкерлері содырларды іздестіру және ұстау бойынша өздерінің тікелей міндеттеріне кірісе алды, – деді М.Таласов.

Қазақстан Қорғаныс министрінің атынан Ұжымдық бітімгершілік күштері контингентінің әскери қызметшілеріне алғыс білдірілді. Бірқатар бітімгерлер ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медальдарымен және грамоталармен марапатталды. 

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстан Республикасында мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды күзету жөніндегі міндеттерді орындады.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Достық және әскери ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру бойынша бауырластық көмек ретінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы,  Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы ел аумағына өздерінің саны 2 030 адам мен 250 бірлік техниканы құрайтын әскери контигенттерін жіберді.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

Ұйым бойынша одақтастар террористік шабуыл кезінде Қазақстанға қолдау және уақтылы көмек көрсетті. Бітімгерлердің маңызды нысандарды күзетке алуы Қарулы Күштердің, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға және оларды террористерге қарсы күреске жіберуге мүмкіндік берді. Осындай жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тиімділігі айқын көрінді.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін елден кезең-кезеңімен шығару Қазақстан Президенті белгілеген мерзімге сәйкес биыл 13 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.

Бұған дейін ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім еткен.

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

 

Өзгелердің жаңалығы