Ақмола облысында отынды аз құйған жанармай құю станциясына айыппұл салынды

Газ құю станциясының иесі жазаланды.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 17:09
Бүгiн 2026, 17:09
156
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Ақмола облысында автокөлік иелерінің шағымдарынан кейін газ құю станциясының иесі жазаланды.

ҚР  Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті "QazGaz Corporation" ЖШС газ құю станциясын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мемлекеттік инспекторлардың жоспардан тыс сапарына шығарылатын автомобиль отыны көлемінің дұрыстығына күмән келтірген азаматтардың ресми өтініштері себеп болды.

Тексеру барысында автомобильдерге сұйытылған газ құюға арналған қондырғылардың бірі өрескел бұзушылықтармен жұмыс істегені анықталды. Атап айтқанда, аталған жабдық Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде болмаған және міндетті метрологиялық тексеруден өтпей қолданылған. Бұл факт "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын тікелей бұзу болып табылады, бұл тұтынушыларға жіберілетін отын көлемінің дәлдігіне негізделген күмән тудырады, - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Анықталған құқық бұзушылық фактісі бойынша "QazGaz Corporation" ЖШС-не қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 419-бабына сәйкес қысқартылған тәртіппен 497 375 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан басқа, метрологиялық тексеруден өтпеген қондырғыны пайдалануға тыйым салуды белгілей отырып, заңбұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді. Бүгінгі күні ұйғарым толық көлемде орындалды, кәсіпорын қажетті метрологиялық рәсімдер жүргізді және жабдық ресми түрде пайдалануға берілді, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін еліміздегі бензин қоры қанша күнге жететіні белгілі болды. 

Тағы оқи отырыңыздар: 

АИ-92 бензиніне мораторий алынды: Баға қалай өзгерді?

АИ-92 бағасы өспеді, электр тарифі тұрақты: Энергетика вице-министрі нақты өзгерісті түсіндірді 

АИ-92 мен дизель бағасы күрт қымбаттамайды – вице-министр

Наверх