ҰҚК Күдебаевқа қатысты тың дерек жариялады

5 Сәуір 2023, 11:30
681
Бөлісу:
ҰҚК Күдебаевқа қатысты тың дерек жариялады
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов Мәжілісте Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ісіне қатысты тың ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Серік Күдебаев ресми түрде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен жоқ, - деді ол.

Сөзінше, қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз Республикасының шекара қызметіне сұраныс жіберген.

Әлі ресми жауап келген жоқ. Шекара қызметі қызметтік тексерісті бастады. Сонымен қатар Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады, - деп айтты Алдажұманов Мәжілістің кулуарында.

Бұған дейін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеген болатынбыз. 

Талдықорған қалалық сотының судьясының айтуынша, шекара қызметінің мәліметінше, Қырғызстан шекарасы арқылы полиция департаментінің экс-басшысы Қазақстаннан шығып, кейін «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кеткен. Бұл жағдай 23 наурызда болған.

Өзгелердің жаңалығы