Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

3 Сәуір 2023, 11:09
1895
Бөлісу:
Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды
Фото: Zakon.kz

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын БАҚ беттерінде сотталушы Күдебаевтың Қазақстан аумағынан шығып кеткені жайында ақпарат тарады.

Талдықорған қалалық сотының судьясының айтуынша, шекара қызметінің мәліметінше, Қырғызстан шекарасы арқылы полиция департаментінің экс-басшысы Қазақстаннан шығып, кейін «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кеткен. Бұл жағдай 23 наурызда болған.

Судьяның айтуынша, 9 наурызда Күдебаев гипертония диагнозымен емдеу мекемесіне жатқызылған. Сот отырысы сотталушының сырқатына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілгендіктен, сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы шешім шығарылды.

Алайда бүгін, 3 сәуірде оның елде жоқ екені белгілі болды. Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы