ҰҚК «Еңбек» РМК басшыларына қатысты істің тергеліп жатқанын растады

12 Қараша 2026, 13:36
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 12 Қараша 2026, 13:36
12 Қараша 2026, 13:36
223
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Еңбек» РМК бас директоры мен кәсіпорынның тамақтандыру басқармасының бастығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Істің қандай бап бойынша тергеліп жатқаны хабарланған жоқ.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген BAQ.KZ сауалына берілген ҰҚК баспасөз қызметінің жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды. 

Сондай-ақ, ұсталғандарға қатысты ақпараттар жарияланды. 

 

 

 

Наверх