ҰОК Абзал Әжіғалиевтің сынына жауап берді

24 Ақпан 2022, 11:27
1603
Бөлісу:
ҰОК Абзал Әжіғалиевтің сынына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиадада ең жоғары көрсеткіш көрсеткен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жарақат алған спортшыларға көмек көрсетілмейтінін мәлімдеген еді, деп жазды Хабар24. 

Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов спортшының бұл сөзіне жауап берді.

Шынымен де біздің нормативтік актілер бойынша жарақат алғаннан кейін емдеуге ақша бөлінбейді. Өкінішке қарай, солай. Бірақ федерация бар, демеушілер бар. Біз кейбір спортшыларға көмек көрсетеміз. Бірақ осы мәселені дұрыстап қарау керек. Бұл біздің қателік. Спортшы жарақат алса, жалғыз қалмауы қажет, көмек көрсетілуі керек. Федерация, Ұлттық Олимпиада комитеті, министрлік жанында спорттық медицинаға жауапты мекеме бар, бәрі бірігіп осы мәселені шешуі керек. Абзалдың айтқаны рас, проблема шынында да бар, – деді Елсияр Қанағатов.

Өзгелердің жаңалығы