Үндістанда коронавирустан қаза тапқандар саны 400 мыңнан асты

3 Шілде 2021, 03:33
1701
Бөлісу:
Үндістанда коронавирустан қаза тапқандар саны 400 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирусты жұқтыру саны бойынша Үндістан әлем бойынша екінші орында. Қазір Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды BBC News.

Соңғы мәлімет бойынша, ауруын асқындырып ажал құшқандардың саны 400 мыңнан асқан. Өлім деңгейі бойынша бұл ел әлем бойынша үшінші орында. Екінші орында Бразилия, онда 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. АҚШ бұл тізімде көш бастап тұр: инфекциядан көз жұмудың 600 мың фактісі тіркелді.

Ал вирусты жұқтыру саны бойынша Үндістан екінші орында. Коронавирус ауруына шалдыққан 30 миллионнан астам тіркелді. Бұл елде күн сайын 40 мыңға жуық адам инфекция жұқтырып жатыр. Бұрын бұл көрсеткіштер едәуір жоғары болған,бірақ Үндістан билігі вирустың таралуын тежеу үшін қатаң шектеулер енгізді.

Ел халқының тек 5%-ы ғана COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны қабылдады. 24 мамырда коронавирустан қайтыс болғандар саны 300 мыңға жетті деп хабарланған еді. Үндістанда науқастар саны ақпанның ортасынан бастап өсуде, өйткені вирустың жаңа агрессивті штамы кең таралуда.


Өзгелердің жаңалығы