Үндістанда аурухана өртеніп, он сәби көз жұмды

9 Қаңтар 2021, 13:46
1284
Бөлісу:
Үндістанда аурухана өртеніп, он сәби көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның орталығындағы Бхандара қаласында госпиталь отқа оранып, он сәби көз жұмды. 

Ауруханада өрт болып, жалын жаңа туған балалар жатқан патология бөлімшесіне жеткен. Өрт кезінде онда 17 сәби болған. Өрт сөндірушілер тек  жеті баланы аман алып қалған.

Өкінішке қарай он бала көз жұмды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы