Ұлытаудан шыққан Алашорда қайраткерлеріне ескерткіштер қойылды

13 Желтоқсан 2020, 13:11
2285
Бөлісу:
Ұлытаудан шыққан Алашорда қайраткерлеріне ескерткіштер қойылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз Алашорда көсемдерін жақсы танып келеміз, бірақ өңірлердегі басшыларын көпшілік танымайды. Сондықтан оларды ұлықтауды қолға алдық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысы Ұлытау ауданынының әкімі Берік Әбдіғали.

Ұлытау өңірі бұрын Атбасарға қараған. Атбасар уездінің 1917 жылы құрылған Қазақ комитетінің, кейін уездік Алашорда комитетінің төрағасы, Сейілбек Жанайдаровқа, екінші төрағасы Әлен Жылқайдаровқа, уездік Алаш милициясының басшысы Ахмет Баржақсинге, Алаштың белсенді қолдаушысы Хасен Қасқабайұлына белгі қойылды. Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі Сейілбек Жанайдаровтың есімін туған ауылы Терісаққандағы мектепке беруге үкіметке ұсыныс жібердік, - деп жазды ол.

улыт1.jpeg

улыт2.jpeg

улыт3.jpeg
Өзгелердің жаңалығы