"Ұлытауда 360 бас жылқы қырылған". Министр кімдер кінәлі екенін айтты

26 Наурыз 2024, 12:07
663
Бөлісу:
"Ұлытауда 360 бас жылқы қырылған". Министр кімдер кінәлі екенін айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Ұлытау облысында жұттан қырылған жылқыға кінәлі - жалған есеп берген әкімдік пен малдың иесі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 наурызда Ұлытау облысына бардық. Онда вице-министр, Ұлытау облысы мал шаруашылығы және ветеринарлық инспекция басқармасы басшысы жұмыстың қорытындысын шығарып жатыр. Ашығын айтқанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты жылқылар қырылған.Біріншіден, күзде барлық өңір мал азығын 100 пайызға дайындадық деп есеп берген. Бұл мәселеге өңірдегі ауданы әкімі мен ауылдық округтің әкімі жауап береді, - деді ол.

Сапаровтың сөзінше, Ұлытау облысына 1 млрд 400 млн теңге көлемінде жем мен шөпке субсидия бөлінген.

Бұл қаржы мал азығын дайындауға жұмсалған. Өңірде бүгінде 360 бас жылқы қырылған. Олар қазір есепте тұр. Ұлытау облысында жұмыс жүргізіліп жатыр. Вице-министр сол жақта жүр. Ол нақты қырылған мал басын анықтап жатыр. Мұнда жауапкершілік тек әкімдікте есем, малдың иесінде де болуға тиіс. Біріншіден, оларды малды бағуға, мал азығын дайындауға жауап беруі керек. Егер оларда мал азығын дайындауда проблема болса, аудан әкімдігіне, ауыл әкімдігіне баруы керек еді. Олар шешім қабылдауы керек болған. Бәрі мал азығын 100 пайызға дайындадық деп есеп берген, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Министр 360 бас жылқының иесі табылмай жатқанын айтады. Оның айтуынша, иесі жылқыларын арнайы базаға тіркемеген. Сондықтан малдың иесі де жауапты дейді.

Өзгелердің жаңалығы