«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі құрылады

25 Қазан 2021, 17:12
16148
Бөлісу:
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. 

Оның айтуынша, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері жаһандық мақсатты міндет болып отыр.

Министр Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағытына тоқталды.

Экожүйелердің орнықты дамуы үшін әлемдік тәжірибе бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжануда, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 9 жаңа су қоймасы салынатындығы туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы