Ұлытау ауданының әкімі халыққа Үндеу жариялады

16 Қазан 2020, 23:12
2959
Бөлісу:
Ұлытау ауданының әкімі халыққа Үндеу жариялады
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аудан тұрғындарына коронавирус індетінен сақтану шараларына қатысты Үндеу жариялады.

Қымбатты жерлестер! Коронавирус індетімен ауданымызда 83 адам ауырса, оның екеуінен көз жазып қалғанымызды бәріміз жақсы білеміз. Ал республика бойынша қаншама тұлғаларымыздан, жақсы-жайсаңдарымыз бен жақын-жуығымыздан айырылып қалдық. Міне, қазір коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екендігін Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері айтып отыр. Тіпті Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында қатаң карантин режимі қайта енгізілді. Олай болса, бізге де жайбарақат отырудың реті жоқ. Ұлытау-Жезқазған аймағына коронавирустың Жезқазғанда болған ауызашардан тарағанын ұмытпағанымыз абзал. Мұндай жағдайда өзіңді өзің оқшаулау арқылы және санитарлық тазалықты сақтау арқылы ғана жақыныңа жанашыр, жаныңа арашашы боларың сөзсіз - делінген әкім үндеуінде.

15 қазаннан бастап аудандық жедел әрекет ету тобы індеттің таралуының алдын алуға байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізуге кіріседі. 

Талап сақталмаған жағдайда айыппұл салу шарасы қолданылатынын ескертемін. Сондықтан да, құрметті аудан тұрғындары, ас, құдайылар мен той-думандардан, көпшілік бас қосатын өзге де іс-шаралардан уақытша тиылып, санитарлық тазалықты сақтауға, бетперде (маска) тағуға қатты көңіл бөлуге шақырамын - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Өзгелердің жаңалығы