Ұлы ұстаздың қалдырған еңбектері - баға жетпес мұра

5 Қыркүйек 2022, 19:03
2065
Бөлісу:
Ұлы ұстаздың қалдырған еңбектері - баға жетпес мұра

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, ұлы ағартушы, ұлттық тіл, әдебиет ғылымын қалыптастырушы кемеңгер-ғалым, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл ел руханиятының көсемі, қыр баласының сауатын ашып, халқымызды өркениеттің төріне шығаруды өмірінің мұраты қылған Алаштың ардақты азаматы, ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Ұлы ұстаздың қалдырған еңбектері - біз үшін баға жетпес мұра. Оның өмірі мен шығармаларын келешек ұрпаққа насихаттау және жастардың санасына сіңіру руханиятымыз үшін әрқашан да өзекті, - деп жазды ол.

1920 жылы алғашқы болып еліміздің оқу-ағарту комиссариатын басқарған.

Ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсетіп кеткен ұлт ұстазының өмірі, еңбегі еліміздің ұстаздар қауымы үшін басты бағыт, өнеге болуы керек!

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, - дейді Ахмет Байтұрсынұлы өлеңінде.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің ашылу рәсімінде «Ахмет – халқымызды білім мен ғылымға жетелеп, рухани ұстаз болған әйгілі ағартушы» деп айтқан болатын.

Президентіміз атап өткендей, өткен ғасырдың басында ұлтымыздың бас көтерер азаматтары Алаш идеясының төңірегіне бірікті. Олар елінің азаттығы мен өркендеуі жолында қызмет етті. Халықтың рухын оятып, санасына сілкініс әкелді. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы