Ұлттық жобалар аясында қанша адам жұмысқа орналасты?

17 Қазан 2023, 10:32
413
Бөлісу:
Ұлттық жобалар аясында қанша адам жұмысқа орналасты?
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақыпова өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында биыл 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шаралары көзделгенін айтты.

9 айдың қорытындысына орай жалпы 734 мың адам жұмысқа тартылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77%-ын құрап отыр. Олардың ішінде жастардың үлесі 50 пайызға жетіп отыр, - деді министр.

Министрдің сөзінше, ұлттық жобалардың аясында ашылған 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Жұмыс орындарының басым көпшілігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» (13 098), «Кәсіпкерлікті дамыту» (11 849), «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» (6 354) Ұлттық жобалары аясында ашылып жатыр. Бүгінде Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың 45%-ы жастар және 1 961 адам мүгедектігі бар азаматтардың қатарында, - деді Жақыпова.

Өзгелердің жаңалығы