Ұлттық ұланда әскери көліктің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

13 Маусым 2022, 09:26
1909
Бөлісу:
Ұлттық ұланда әскери көліктің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен шаһарларында орналасқан әскери бөлімдерінде темір тұлпарлар мен бронетранспортерлер жыл сайынғы техникалық байқаудан сәтті өтті, деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Жылдық қорытынды байқауды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Мұхатаев Виктор Асанұлы бастаған комиссия құрамы тексерді.

Іс-шара жыл сайын көлік құралдарының, арнайы және броньды машиналарының техникалық жай-күйі мен жарақтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруін бақылау мақсатында жыл сайын өткізіледі.  Бұнда, техникалық жағдайдың мазмұны тексеріледі, сонымен қатар қару-жарақ пен оқ-дәрілердің техникалық қызмет көрсету жағдайы тексеріледі.

Байқау барысында жеке құрамды тасымалдауға арналған барлық көліктер мен броньды машиналар тексеруден өтті. Әрбір жабдық тежеу ​​жүйесінің блоктарының, рульдік басқарудың, сыртқы жарықтандыру құрылғыларының, әйнек тазалағыштардың, әйнек шайғыштардың және басқа да құрылымдық элементтердің жұмысқа жарамдылығы, сондай-ақ өрт сөндіргіштердің, ескерту үшбұрыштарының, алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен құралдар жинағының болуы тексерілді. Көліктердің сыртқы түріне ерекше назар аударылды. Жүргізушілердің әскери билеттері мен бекітілген көлік құралын басқару құқығын растайтын белгісі бар жүргізуші куәлігі тексерілді.

Сонымен қатар, қару-жарақ қызметі мамандарының арнайы дайындық бойынша білімдері, атап айтқанда, жарғылар мен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау және консервациялау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптары, лауазымы мен қызметтік міндеттеріне қарай бағаланды.

Ұлттық ұлан бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі көп жағдайда техниканың жеке құрамды қажетті орынға дер кезінде жеткізе білуіне байланысты. Сондықтан жыл сайынғы техникалық байқаудың негізгі міндеттері техниканы жауынгерлік әзірлікте ұстау болып табылады, - дейді «Батыс өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ  басқармасының автокөлік қызметінің бастығы, подполковник Мамай Ғұбашев.

Жылдық тексерістің  қорытындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің әскери техникасы мен  қару-жарағы «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы