Ұлттық ұлан аруларды құттықтады

6 Наурыз 2022, 09:30
1788
Бөлісу:
Ұлттық ұлан аруларды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Айтып өту керек, шара санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы ұйымдастырылды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы нәзік жанды әскери қызметшілерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Ұландық арулар ерлермен бір сапта Отанымыз – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса жауапты міндеттерді орындап, ер азаматтардың кәсібі болып саналатын осы жауапты жұмыстың ауыртпалығы мен қызығын иық тіресе бөлісіп жүргендерін тілге тиек етті әскердің Бас қолбасшысы.

Бүгінгі таңда Ұлттық ұлттық ұлан қатарында 1200-ден аса әйел әскери қызметші қызмет атқарады. Соның ішінде 227 офицер, 925 келісімшарт қызметінің әскери қызметші, 106 қызметші Отанды қорғауға өз үлесін қосуда.

Аталған салтанатты шарада жауынгерлік қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген әйел әскери қызметшілер мен ардагерлер және өзара ықпалдастық органдарының азаматшалары ҚР Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен ведомствалық наградалармен марапатталды. Жиналған әскери арулардың құрметіне Ұлттық ұлан ән-би асамбілі мен бейнестудия қызметкерлерінің күшімен дайындаған музыкалық бейнесюжеттер ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы