Ұлттық құрылтай: Бақсы-балгерлікпен айналысып жүрміз – Айдос Сарым

16 Маусым 2023, 16:13
1264
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай: Бақсы-балгерлікпен айналысып жүрміз – Айдос Сарым
Фото: Арман Мухатов - архив

Түркістанда өтіп жатқан құрылтай қатысушылары ұлттың болашағына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы сын-қатерлерден бастап, көрші елдермен байланысты нығайту, су, жол, инфрақұрылымдық дағдарыстардың алдын алу, жайын қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, оның барлығына ғылыми орта қалыптасуы тиіс. Сондай-ақ ғылым саласында бәсекелестік жоқ екеніне тоқталды. 10 жылда мұнай бағасы, қаржы нарығы шикізат нарығында бағалар қалай құбылады дегенді нақты дәлелдермен айтып беретін сарапшылар тапшы дегенді айтуда. Нақты ғылыми жұмыстармен айналысатын орталықтар болмағандықтан, бақсы-балгерлермен өзін экономист санайтын блогерлердің айтқанына сенуге мәжбүр екен. Осы тұрғыда депутат Айдос Сарым да өз пікірін білдірді.

Шынын айту керек, бақсы-балгерлермен айналысып жүрміз. Ал мемлекет ісі үшін бақсы-балгерлікпен айналысуға болмайды. Оған нақты ғылыми прогноз керек, нақты ғылыми болжам керек, нақты ғылыми зерттеулер керек. Тіпті мына қазақ тілінің 10 жылдан кейін болашағы қандай? қазақтың демографиясы қалай болады дегендей дерегіңіз бар ма? Мысалы мен депутат ретінде ондайды көп көре бермеймін. Осының бәрін зерделейтін ғылыми орталықтар ауадай қажет. Бізде ұлттық философия мектебі жоқ. Көптеген нәрсе ғалымдардың ізденісінен пайда болады. Мысалы бүгін Ресей нарығы жабылып жатыр. Біз Үндістанға қалай шығамыз, Иран арқылы қалай өтеміз, мұнайымызды, тауарымызды қалай асырамыз, қалай дәріптейміз деген сияқты ғалымдардың арасында ең алдымен ізденіс жүру керек,- деді депутат Айдос Сарым.

Бұған дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды алдағы уақытта ауылдық жерлердегі мәдени орындардың жұмысы жаңғыртылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы