Ұлттық Құрылтай. Әшімжан жиында қандай мәселе көтергенін айтты

16 Маусым 2023, 13:00
1212
Бөлісу:
Ұлттық Құрылтай. Әшімжан жиында қандай мәселе көтергенін айтты
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы, ақын, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан Түркістан қаласында өтіп жатқан Ұлттық Құрылтайда не талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық Құрылтай. Әшімжан жиында қандай мәселе көтергенін айтты

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ұлттық Құрылтай. Әшімжан жиында қандай мәселе көтергенін айтты

Құрылтайдың бірінші күнгі жиыны секциялар бойынша өтуде. "Мәдениет. Өнер. Руханият" секциясының мүшелері өз жұмысын түлеп жатқан шаһардың "Ұлы дала елі" орталығында бастады. Секция модераторы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. Секцияда бүгінгі зиялы қауымның кескін-келбеті, тарихи жауапкершілігі, азаматтық ұстанымы туралы баяндама жасадым. Құрылтай мүшесі Дәулет Тұрлыханов бүгінгі жастар проблемасына, әсіресе есірткі мен синтетикалық зиянкестерге елітіп жүрген замандастарымыз туралы қатты айтуда. Светқали Нұржанов, Асқар Жұмаділдаев, Дихан Қамзабекұлы ағаларымыз өз бағыттары бойынша өткір ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды, - деді Әшімжан.

Ұлттық Құрылтай. Әшімжан жиында қандай мәселе көтергенін айтты

Айта кетейік, 16 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында «Қоғамдық консолидация» жұмыс секциясының отырысы өтті. Отырыс барысында Ұлттық құрылтай мүшелері мәдени-рухани даму мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы