Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды

16 Маусым 2023, 12:39
1804
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық құрылтай мүшелері мәдени-рухани даму мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 маусымда Түркістанда Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында «Мәдениет.Өнер.Руханият» жұмыс секциясының отырысы өтті.

Модератор ретінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов сөз сөйледі.

Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды

Сессия аясында белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары: Нұржан Светқали, Жанарбек Әшімжанов, Дәулет Тұрлыханов, Сәуле Досжанова, Айдос Сарым, Исламбек Салжанов, Бауыржан Губайдуллин, Ислам Байрамуков, Мақсат Толықбай, Олжас Сүлеймен және басқалар сөз сөйледі.

Жұмыс секциясы барысында Ұлттық құрылтай мүшелері қазіргі авторлардың әдеби шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды ілгерілету және отандық әдебиет пен киноны дамыту мәселелерін қозғады.

Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды

Сонымен қатар, мұражайлар, мәдени орталықтар, кітапханалар, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істеу, жас таланттарды ілгерілету және креативті индустрияны дамытуды қолдау тақырыптары көтерілді.

Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу және білімге ұмтылу, салауатты өмір салты, еңбекқорлық, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру тақырыбына ерекше назар аударылды.

Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамда бұқаралық спорт мәдениетін ілгерілетуге қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

Ұлттық құрылтай. Әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы