«Ұлттық қор – балаларға» жобасы қашан іске асады?

26 Қазан 2023, 13:12
755
Бөлісу:
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы қашан іске асады?
Фото: Артём Чурсинов - архив

«Ұлттық қор – балаларға» ақша аудармас бұрын қандай өзгерістер енгізіліп, қандай әрекеттер жасалатынын Орталық коммуникациялар алаңында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобаны іске асыру жыл сайын кезең-кезеңімен орындалады. Ол үшін ең алдымен өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның 50 пайызының мөлшері анықталады, - деді вице-министр.

Шоттардағы қаражат мақсатты пайдалануын сақтау үшін жоба операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы акционерлік қоғамы айқындалды.

Бұдан әрі БЖЗҚ жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды. Содан кейін Ұлттық банк кәмелет жасына келген балаларға төлем жасау үшін қажетті соманы БЖЗҚ-ға аударады. Ал БЖЗҚ ақшаны екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотқа жібереді, - деді ол.

Ал балалар қаржыны екі мақсатқа жұмсай алады. Ұлттық қордан берілетін төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу үшін ҚР-ның 6 кодексі мен 10 заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Заңнаманың 44 бабына 60-тан астам өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

Бұған дейін балаларға Ұлттық қордан берілетін қаражатты қайда жұмсауға болатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы