«Ұлттық қор – балаларға»: жиналатын қаржы үй алуға жете ме?

12 Қазан 2023, 12:42
654
Бөлісу:
«Ұлттық қор – балаларға»: жиналатын қаржы үй алуға жете ме?
Фото: Нұркен Алишев - архив

Сенат қабырғасында Ұлттық қордан балаларға берілетін ақша баспана алуға жете ме, жетпей ме деген мәселе айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ұлттық қордан бала кәмелетке толғанша жиналатын 3500 доллар қаржы баспана алуға жетеді деп ойлайсыз ба?» деп сұрады тілшілер депутаттан.

Экономикада мынандай бір түсінік бар. Жалпы, ұлттық байлықты әділетті бөлу керек. Ол соның бір көрінісі. Бірақ осы жерде бір мәселені айтып кетейік. 3500 доллар деп отырғанымыз – ол бала дүниеге келгеннен бастап 18 жасқа дейінгі жиналатын ақша. Ол жиналған ақша мен инвестициялық табысқа байланысты. Ал келесі жылы 18-ге толатын бала болса, 100 бен 150 доллардың арасында алуы мүмкін. Ал жиналған ақша жете ме, жетпей ме деген үлкен сұрақ. Әрине, шетелде оқитын болса, оқуға жетпеуі мүмкін. Бірақ азғантай болса да, ұлттық байлықтың шетінен алып, өзінің бір жыртығын жамайтын болса, ол да бір жетістік емес пе?!, – деді Бекбол Орынбасаров.

Сонымен қатар ол балаларға аударылатын ақша қордың қай бөлігінен берілетінін нақтылады.

Қаражат инвестициялық пайданың 50 пайызынан бөлінеді. Ол ақша бәріне бірдей жетпейтіні анық. (Ұлттық қордың қаржысы – ред.) басқа да көздеген мақсаттарымыз бар, соған да керек болады. Инвестициялық табыс нарықтағы әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, - деп түсіндірді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы