Сенаторлар Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

12 Қазан 2023, 11:37
961
Бөлісу:
Сенаторлар Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенаттың жалпы отырысында «Ұлттық қордан» балаларға арналған қаражатты есептеуге қатысты заң жобасын екінші оқылымнан соң Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

«Ұлттық қорға – балаларға» жобасы – өскелең ұрпақтың ересек өмірге нақты жолдама алуына бағытталған алғашқы қадам.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда, ресми деректер бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 6,7 млн адамды құрап отыр.

Ұсынылған заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады. Білім алу бағыты бойынша – қаражатты жоғарғы оқу орындарының ақысын төлеуге немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне аударуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалану шектелмейді.

Тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үйдің жағдайын жақсарту бағыты бойынша қаражатты пайдалану тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл қаражатты бастапқы жарна, ипотекалық қарыздар бойынша төлем ретінде аударуына мүмкіндік беріледі, - деп атап өтті сенатор Бекбол Орынбасаров.

Заңға сәйкес, еліміздің 18 жасқа толғанға дейін азаматтары заң қатысушысы болып есептеледі. Кәмелетке толған соң жинақталған қаражат меншігіне өтеді.

Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы