11 қаңтарда "Шарын каньоны" ұлттық паркінің Instagram-дағы парақшасында фототұзаққа тау текелері мен лақтары түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тау текелері (лат. Capra) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануарлар. Денесінің ұзындығы, 100-170 см, шоқтығының ұзындығы, 65-115 см, салмағы, 35-150 кг. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Еркегінде ұзын түкті «сақал», құйрығының теменгі жағында иісті бездер болады. Шарын МҰТП –де Үлкен Бұғыты тауы, Темірлік және Шарын шатқалында мекендейді.
2022 жылғы Зоология институтының мамандарымен бірлесіп жүргізілген санақ барысында 376 бас мекендейтіні анықталды.