«Ұлттық мүдде тұрғысынан қараймыз». Депутат Ресеймен байланыс жайлы

9 Қараша 2023, 19:53
1021
Бөлісу:
«Ұлттық мүдде тұрғысынан қараймыз». Депутат Ресеймен байланыс жайлы
Фото: Айдос Сарымның әлеуметтік желісінен

Ұлттық мүдде тұрғысынан, еліміздің тыныштығы мен тұтастығы тұрғысынан қарауымыз керек. Депутат Айдос Сарым Қазақстанның Ресеймен экономикалық және саяси байланысы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айдос Сарымның пікірінше, алдағы жылда екі елдің серіктестігі мен достығы нығая түсті. Ол Ресей – біздің жауымыз емес, алпауыт көршіміз екенін айтады.

Ресей кіммен соғысса да, кіммен қарым-қатынас жасаса да, Қазақстан мен Ресей тату көрші болуға тиіс. Өйткені Ресейде миллион қазақ, ал Қазақстанда үш миллионнан астам орыстар тұрады. Біз өз күн тәртібімізбен әрі мақсаттарымызбен өмір сүруіміз керек. Ресейде қандай жағдай болса да, Қазақстанның өз мүддесі бар. Ресей - жан-жақты түрлі мүмкіндіктері бар ел. Менің ойымша, бұл кезеңде кез келген саясаткердің міндеті – халықымыз мүддесіне сай келетін және тарихымызға ортақ ұзақ мерзімді ерекше қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қарастыру, - деді Айдос Сарым.

Сондай-ақ саясаттанушы елдің экономикалық ұпайының артатытына сенеді. Сөзінше, екіжақты кездесуден кейін елімізде жаңа жұмыс орындары құрылып, Ресейге отандық өнімдеріміз көптеп экспортталаса бюджетімізде толығады.

Еске сала кетсек, бүгін таңда Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ақордада қарсы алды.

Екі ел президенттері Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысты. 

Бұған дейін форум барысында Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерге халал өнімді экспорттауға шақырды. Сонымен қатар Президент ЕАЭО-ның әлеуеті жайлы айтты.

Өзгелердің жаңалығы