Ұлттық жобаларға онлайн-мониторинг жүргізілетін болады

19 Қазан 2021, 15:45
6377
Бөлісу:
Ұлттық жобаларға онлайн-мониторинг жүргізілетін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев хабарлады. 

Оның айтуынша, Офис ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Ұлттық жобаларға онлайн-мониторинг жүргізетін жүйені әзірлейді.

Сондай-ақ барлық 44 жобалық офиске ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету және оқытумен айналысады.

Бұл ережелерде алғаш рет бағдарламалар мен жобалардың мақсаттарына қол жеткізу үшін саяси лауазымды тұлғалардың деңгейінде жауапкершілікті нақтылай жүктеу қағидаты бекітілді. Ең бастысы – Ұлттық жобаларды жүзеге асыру үшін Үкімет мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін алғаш рет қолданысқа енгізіп отыр. Бұл дегеніміз белгілі бір салаларда қажетті машықтарды игерген және ниетті кез келген еліміздің азаматы белгілі бір жобалық рөлді атқарады. Сонымен қатар тиісті Ұлттық жобаларға кіретін кез келген жобаны жүзеге асыруға нақты атсалыса алады дегенді білдіреді, - дейді офис жетекшісі Арман Евниев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жобада мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлері жұмыс істейтіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы