Ұлттық жобада мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлері жұмыс істейді

19 Қазан 2021, 15:34
4234
Бөлісу:
Ұлттық жобада мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлері жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінде Президент әкімшілігі мен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес жобалық басқарудың біртұтас экожүйесін қалыптастыру жұмысы аяқталып келеді.

Сондай-ақ экожүйеге матрицалық құрылымның негізінде мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты мекемелердің штаттық қызметкерлерінен құралған 44 жобалық офис кіреді.

Біз Цифрлық үкімет офисінің бір құрамдас бөлігі екенімізді айта кету керек. Мақсатымыз – барлық стратегиялық мақсаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, проблемаларды шешу, ол үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін пайдалану. Офис дегеніміз – мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес сектор мен басқа да мүдделі тараптар бірлесе отырып проблеманы анықтап, оның шешімін табатын ауқымды алаң. Офис жобаларды сәтті аяқтау үшін ең тиімді шешімдер мен мүмкіндіктерді тоқтаусыз іздестіреді, - деді Арман Евниев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жоба даму жоспарының басымдықтарын қамтитындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы