Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

1 Желтоқсан 2021, 10:47
4871
Бөлісу:
Ұлттық спорт үздіктері марапатталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайынғы дәстүрмен Ұлттық спорт қауымдастығы биыл да жыл үздіктерін марапаттады.

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай және ұлттық спорт жанашырлары мен өкілдері қатысты.

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

Сонымен Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды ең әуелі Ұлттық спорттың дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға «Елімжан» төсбелгісін тақты. Бұл айрықша атақ Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке бұйырды.

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

Мұнан соң Қайрат Сатыбалды Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Мұхтар Имашевты, Қазақстан Республикасы жамбы ату федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Нұрлан Әметовті, Sport Qory-ын, Қыран қоғамдық қорының құрметті президенті Нұрлан Өнербайды, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайды, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбекті және  Тәлім ТВ арнасының бас продюсері Ерлан Әбдірұлын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

Ал жекелеген номинациялар бойынша, жыл үздіктері төмендегідей:

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік бәйге аты» - «Мамай Қара», ат иесі – Әлнұр Назарбаев (Алматы облысы), Шабандоз – Байқан Асанқұлов, Бапкері – Бөбекбай Жамбыл

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік көкпаршы» – Құрманбек Тұрғанбек (Жамбыл облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік қорғаушы» – Жасұлан Қожақұл (Жамбыл облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік шабуылшы» – Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік көкпар командасы» – Жамбыл облысының ересектер құрама командасы.

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік жаппай көкпар шабандозы» – Найманбаев Оразалы, Бердіқұл Айнабек (Түркістан облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік аударыспақ командасы» – Түркістан облысының аударыспақ командасы

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік мерген» – Айкөз Ералхан (Түркістан облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік теңге ілуші» – Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік құсбегі» – Тайманов Айшуақ (Маңғыстау облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Ұлттық ат спортының үздік төрешісі» – Зиябек Жеткеров (қайтыс болғаннан кейін берілді) (Түркістан облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік жаттықтырушы» – Бимағамбетов Нұрбол (Алматы қаласы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Жыл жаңалығы» – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Үздік облыстық федерация» – Бахтияр Тоғайбаев (Жамбыл облысы)

Ұлттық спорт үздіктері марапатталды

«Жылдың үздік жобасы» – «Өнер көкпары» жобасы

Өзгелердің жаңалығы