Ұлттық банк: 2026 жылға қарай инфляция 3-4% пайызға төмендейді

24 Тамыз 2021, 10:01
2145
Бөлісу:
Ұлттық банк: 2026 жылға қарай инфляция 3-4% пайызға төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жыл соңында инфляция 6-7% шамасында болжанып отырғанын және 2026 жылға қарай 3-4%-ға төмендетілетінін айтты.


Ұлттық банктің бағалауы бойынша жоғары сыртқы инфляциялық аясын ескере отырып, ұсыныс жағынан сақталып отырған ішкі теңгерімсіздіктер, сондай-ақ жалғасқан фискалдық ынталандыру шаралары шеңберінде инфляция 2021 жылдың соңына таман 6-7% дәлізінде күтіледі. Биылғы жылғы қыркүйекте ұсынылатын кезекті болжамды раундтың қорытындысы бойынша инфляцияны бағалау нақтыланады, - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Ол Мемлекет басшысының шілдедегі тапсырмасына сәйкес Үкіметпен бірлесіп инфляцияға қарсы ден қою шараларының топтамасын іске асыру жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатқанына тоқталды. 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022-2026 жылдарға арналған болжамына сәйкес инфляцияны 2022 жылы 4-6%-ға дейін, 2023-2024 жылдары 4-5%-ға дейін, 2025-2026 жылдары 3-4%-ға дейін төмендетудің қажетті шарты. Бұл таргеттер Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес келеді, - деп айтты Ерболат Досаев.


Өзгелердің жаңалығы