Ұлттар лигасы: Қазақстан Словениядан жеңіліп қалды

10 Қыркүйек 2024, 02:10
323
Бөлісу:
Ұлттар лигасы: Қазақстан Словениядан жеңіліп қалды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетерлігі, отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түскен болатын.

Аталған ойында тас төреші Жоау Пиньейру міндетін атқарды.

Ойын нәтижесіне сәйкес, Қазақстан қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, Словения мен Австрия 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазір бұл топтағы командалардың барлығында бір ұпайдан бар.

Өзгелердің жаңалығы